Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  58


Автор: Рза Қунақова

ГҮЛМИРАШ

Сен сияқты бөпешің
Күле алмайды.
Сен сияқты томпаңдап
Жүре алмайды.
Сен сияқты «мама» деп
Айта алмайды.
Сен сияқты сөзге сөз
Қайтармайды.
Сен сияқты далаға
Шыға алмайды.
Сен сияқты суретті
Сыза алмайды.
Сен сияқты киімін
Кие алмайды.
Сен сияқты əжесін
Сүйе алмайды.
Ренжітпей бөпеңді,
Ойната бер тербетіп.
Қызғанба одан көкеңді
Сендей болар ер жетіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу