Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  74


Автор: Рза Қунақова

ЖЫЛҚЫШЫ ƏНІ

Құлын ұстап тұрдым желі басында,
Бие сауып, анам отыр қасымда.
Асқақтайды аспанға өрлеп əуез əн,
Жаңғыртады таудың жатқан тасын да.
Сол əсем əн барған сайын шалқиды,
Көк аспанда қанат қағып қалқиды.
Құлақ тосып Алатаудың асқары
Шыңдары да басын иіп балқиды.
Сол əн алыс, қазір маған жетпейді,
Жылқылар да асып кетті беткейді.
«Жылқышы əні» жазғы кеште шырқалған,
Əлі күнге құлағымнан кетпейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу