Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

СЕНІҢ ҚУАМ ЖОЛЫҢДЫ

Күнде келем осынау бір фермаға,
Көремін деп жеңешемнің сиырын.
Келе бергіш осы ауылға мен ғана
Болмаса да өте тығыз бұйымым.
Жеңешем де қарсы алады қуанып,
Өз табысын айтып маған мақтана.
Отыр екен бүгін барсам Ту алып,
Еңбегінің жемісіне шаттана.
«Еңбек Ері» атақ алдың, қуанам,
Құттықтаймын қатты қысып қолыңды!
«Озат» болып мен де кейін Ту алам,
Келешекте сенің қуып жолыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу