Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  85


Автор: Рза Қунақова

САҒЫНЫШ

Сағындым аз болса да көрмегелі,
Талай күн болды хат та келмегелі...
Жолыңа көз талғанша қарай берем,
Күткендей күнде аңсап əлденені.
Жолыңа көз талғанша қарай бердім,
Көзімді жиі-жиі қадай бердім.
Ойлаймын бірге болған күндерді аңсап,
Түсімде ұйықтап жатып талай көрдім.
Өзіңсіз албырт көңіл басылмады,
Жас жүрек кездесуге асығады.
Аңсаған аяулымның мойынына
Ақ білек қашан, сəулем, асылады?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу