Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  66


Автор: Рза Қунақова

ТҮСІНДІМ

Жаныма жақын келдің де,
Алқызыл гүл ұсындың.
Қиыла қарап бердің де,
Қызардың құрбым, қысылдың.
Менің де тулап жүрегім,
Гүліңді алдым, түсіндім.
Жайбарақат жүр едім,
Жаныма бір шоқ түсірдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу