Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  68


Автор: Рза Қунақова

ПАТРИС ЛУМУМБАҒА

Африка, Африка,
Болдың бүгін назалы.
Африка, Африка,
Көтер ауыр қазаны.
Асыл ұлың келмес қайтып,
Күлімдеген көгіңе.
Өлерінде кетті айтып,
Деп халқына: «егілме».
«Қайғырмағын тектен текке,
Есесін ал жауыңнан».
Толды жүрек ыза кекке,
Тайсалмайтын дауылдан.
Қорықты олар Лумумбаның
Жүрегінен жалынды.
Азаптаған оның жанын,
Жау да қанға малынды.
Өлтірді жау екі жасар
Роландтың əкесін.
Əлі-ақ ұлы орнын басар,
Алға апарар əке ісін.
Африка, Африка,
Болдың бүгін назалы.
Африка, Африка,
Көтер ауыр қазаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу