Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  257


Автор: Рза Қунақова

БЕЙБІТШІЛІК ТІЛЕГІМ

Соғыс, соғыс! Атың қандай ызғарлы,
Естігенде жас жанымда мұз қарды.
Өртең шалған қара ағаштай жүректе
Сен қалдырған ұмытылмас із бар-ды.
Білем, соғыс, жолың қанды жосылған,
Қай адамзат ниетіңе қосылған?
Бейбіт өмір, астықты өңір, шат көңіл,
Жат хабарды естімейді тосыннан.
Əрқашан да бейбітшілік тілегім,
Соғыс – сойқан, соғыс – тажал, білемін.
Бейбітшілік – ана, бала арманы,
«Бейбітшілік» деп соғады жүрегім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу