Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  123


Автор: Рза Қунақова

ДОМБЫРА

Күмбірлеген үн-əуезің ғажап тым,
Сен сөйлесең, теңіз тынар тасыған.
Өнерімен тəнті еткен əр қазақтың
Жан серігі сен болғансың жасынан.
Сені тартып, Ақан басып əніне,
Сері атанған күміс көмей, жез таңдай.
Сен арқылы əн шырқаған Əміре
Əлемге аян Париждегі кез қандай!
Сен сайрасаң, көз алдымда тұрады,
Аққу көлі, сахарасы қазақтың.
Қонысы боп Нарын құмы тұрағы,
Досың Құрман бірге тартқан азапты.
Жүрек сырын жеткізген сен халыққа,
Жан серігі болдың Жамбыл бабамның.
Əн – домбыра, күй – домбыра қалықта,
Төрт бұрышын түгел шарлап ғаламның.
Күмбірлеген үн-əуезің ғажап тым,
Сен сөйлесең, дауыл аспас кезеңнен.
Өнерімен аты шыққай қазақтың,
Жан серігі сен болғансың ежелден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу