Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  92


Автор: Рза Қунақова

ТІЛЕК

Бозбалалар, балауса бойжеткендер,
Көктемдегі бəйшешектей көктеңдер.
Орамалын желбіреткен сұлудай
Шақырады сендерді алыс көк белдер.
Көкжиектен қол бұлғайды армандар,
Көк сағыммен жарысады ормандар.
Жалт етіп бір ағып өткен жұлдыздай
Зуылдаңдар, арманды алға жалғаңдар.
Темір үзер кездерің бұл тепсеңдер,
Соны орасың дəл бүгін не ексеңдер.
Болашақты ұлы істермен бастаңдар,
Бозбалалар, балауса бойжеткендер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу