Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  103


Автор: Рза Қунақова

ҚОЗЫ МЕН ЛАҚ

– Əй, қошақан, лақ,
Сөзіме сал құлақ.
Сендерді апам бақ деген,
Жайылыңдар, ойнаңдар,
Əне таза бұлақ,
Жағасында құрақ,
Тек қалмаңдар құлап, –
Деп тұрғанда Нұрлан
Лаққа еріп лепіріп,
Қозы кетті секіріп,
Өзі қалды жылап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу