Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  102


Автор: Рза Қунақова

Бұлбұлмын бағыңда сайраған...

Бұлбұлмын бағыңда сайраған,
Қырандай қанаты талмаған.
Туған жер, ту етіп өзіңді,
Күн ме Ай тəрізді айналам.
Шөлдесең, өзен боп ағылам,
Шаршасаң, төсек боп жайылам.
Туған жер, анамдай аялап,
Тоңсаң сен, көрпе боп жабылам.
Мен сенің мөп-мөлдір бұлағың,
Сен – дария, өзіңе құямын.
Туған жер, шалқарсың, дарқансың,
Қашан да қойныңа сиямын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу