Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  64


Автор: Рза Қунақова

Аспанда ақторғын бұлт қазбауырлап...

Аспанда ақторғын бұлт қазбауырлап,
Жайлаудан көшіп жатыр жазғы ауылдар.
Созылған керуендей даладағы
Тай мініп жанай шапты бала-дағы.
Жарасып ұлы көштің жетегінде,
Жарысты жастар таудың етегінде.
Барады қыз-келіншек əнге басып,
Қыз қуып жорға менен, жігіт қашып.
Екеуін жұрт айғайлап «қоздырады»,
Бірінен соң біреуін оздырады.
Шопан қыз қуып жетті, аты мықты-ақ,
Жылқышыны жотадан тартты нықтап.
Айғайлап жатыр қыздың жеңгесі де,
Қыз күні өзінің де келді есіне.
Шіркін-ай, екі жастың қызығына
Сұқтанып қарайды екен ел несіне?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу