Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  77


Автор: Рза Қунақова

Ақ сəулелі кең далам менің....

Ақ сəулелі кең далам менің,
Ғажап-ау, түнгі дидарың.
Томсырайған құз жартас,
Оятуға қимадың.
Бір шөкім бұлт мүйізденіп,
Жұлдыздарды жұтқанда,
Ашып тастап отырған
Ой картасын жинадым.
Сандалкөк бұлт саумал түнді,
Суаратын сияқты.
Жартастардан жұлқылап жел
Үзіп жатыр қияқты.
Дауыл болып астан-кестен,
Сапырылысты жер мен көк.
Найзағайдың жарқылымен
Жерге қарай күй ақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу