Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  67


Автор: Рза Қунақова

КОЛХОЗЫМА

Колхоздың еңбек қызған күні қандай,
Жаздағы жанға жайлы түні қандай.
Шарықтап ойнағандай бейне оркестр,
Құстардың тоқсан түрлі үні қандай.
Ағаштар мың толықсып, тартқан күрең,
Төсепті көктем жерге жасыл кілем.
Кетпейді көз алдымнан жасыл бағы,
Өр еңбек адамының асыл жаны.
Арналған ауыл саған ыстық сезім,
Қалада жүрсем-дағы басылмады.
Мен сүйсем қандай ыстық бауырымды,
Сүйемін бауырымдай ауылымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу