Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  472


Автор: Рза Қунақова

ОТАН – АНА

Отан-ана –
Сенсің асыл мекенім,
Сенде өсіп,
Арманыма жетемін.
Сенің басып ыстық топырағыңды
Мен əрқашан арман қуып кетемін.
Отан-ана,
Сен бар жерде
Мен бір алғыр қыранмын.
Бақытты елде өмір сүрген,
Мен бақытты ұланмын.
Сенде ғана алаулаған жалынмын,
Сенде ғана мен ақиық дарынмын.
Отан-ана,
Сенсіз мен
Сынық қанат құстаймын.
Отан-ана,
Сенсіз мен
Биік самғап ұшпаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ералхан
Ералхан 05.10.2022 14:36
Керемет

Пікір жазу