Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  138


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Өлмейтіндей....

Бұл өмірде сөз өлмейді, 


Жүрегіңді кесіп өтер


Бұл өмірде көз өлмейді


Жанарыңды тесіп өтер, 


Бұл өмірде ән өлмейді


Құлағыңда қалып қалар, 


Бұл өмірде сән өлмейді


Аңыз адам жасап алған, 


Бұл өмірде күн өлмейді


Қуатымен жылу берген, 


Бізде солай көп жүреміз


Ақыр соңында өлмейтіндей


Ажал бізге келмейтіндей. 


Билік бітсе басынамыз


Жақындарды көрмейтіндей. 


Пенде болып ашынбаймыз 


Күнә бір бір күн кететіндей, 


Келмеске бір кетпейтіндей


Күні бір күн өлмейтіндей....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу