Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  96


Автор: Исраил Сапарбай

Жүрегімді кім емдейді?

Жүрегімді кім емдейді?
Күлем дейді, жылап алып...
Өз ұпайын түгендейді
Түлкі мінез мына халық.
Айдалада көшім қалды.
Өшіп-жанды бар үміт.
Алдамшы елес есімді алды.
Кірпігіме ілініп...
Қауынымды қазан ұрды,
Ғазалымды қош көрмей.
Кешір, Алла, жазалыңды.
Неге отырмын көшке ермей?
Кімнен, неге қашып барам?
Асықпаған жөн еді.
Періштелер ғашық маған,
Аспан жақтың әлемі...
Көштім, қаштым ғаламатқа,
Саламатта бол сен де.
Кешпегейсің жаманатқа
Өлмесем де, өлсем де...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу