Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  67


Автор: Исраил Сапарбай

Ақын сезбей қалады өлеңінің өлгенін.

Ақын сезбей қалады өлеңінің өлгенін.
Сезбейді әрі сол күні жұлдызының сөнгенін.
Мен бұл жәйдің, шынында,
тылсым сырын ұғуға
ширек ғасырдан бері тырысып-ақ келгемін:
Өлең өлсе – азалы ой ақын жанын шырмайды,
Өлең өлсе – нажағай үй тынышын ұрлайды...
Тіршілігін тәрк етіп лала гүлдер қурайды,
Күнбағыс та өкпелеп, Күнге бетін бұрмайды.
Бірақ, аз-кем өтпестен ақынымыз тағы да
жыр жазуға белсенер «тәңіріне» табына.
Кейін... жалған машық пен марапаттар,
мақтаулар
Тірі өлікті құрметтеп, отырғызар тағына.
... Мұнда бар не мағына?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу