Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  86


Автор: Исраил Сапарбай

Жапырақтар елтеді...

Жапырақтар елтеді,
Елтеді де тыңдайды:
Терек тынбай шертеді
Дағара ғып түнгі Айды.
Жалбыз исі түнімен
жұпар шашып аңқиды.
Шырылдауық күйінен
Жайлау кеші балқиды.
Сен де балқып, Айжамал,
Шыға алмайсың қасымнан, –
Орамалың байлаған
сырғып түсіп шашыңнан.
Ері... балқы... емірен..,
Екі көзің жұмыла.
Мөлдір аспан төрінен
төгіледі шұғыла.
Ай нұрымен аймалап,
Иіп-ақ тұр көк төсі.
Екі өмірді аймалап,
Бір тағдырдың кетті есі..
Ертегі ғой, ертегі –
Жаздың кеші тым жайлы.
Терек тынбай шертеді
Дағара ғып түнгі Айды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу