Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  116


Автор: Исраил Сапарбай

ЕСКЕРТКІШТЕР

Айналған ескерткішке адам қанша...
(Есінде сақтайды елің, бағаң болса)
Жер басып бізше олар да жүрер ме еді,
Тұғырдан түсе алмайды, амал қанша.
Жаратқан жанарына ұшқын беріп,
Тұғырдан, мейлі, бір сәт түссін делік –
Қасына ере де алмай қайбіріміз
қалар ма ек, кім біледі, міскін болып?
Желпілдеп жел тұрмай-ақ түндігіміз,
Бір күннен ұзай алмай бір күніміз..,
Бастарын шайқар ма еді, адым сайын
түңілтіп пендешілік тірлігіміз?.
... Ішіңде кішің де бар, кісің де бар –
Өлгенде өнеге боп ісің қалар.
Таңылған тас тұғырға ескерткіштер...
Біздерді көреді тек түсінде олар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу