Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  104


Автор: Исраил Сапарбай

ӘН АЙТАДЫ ҚЫЗ БАЛА...

Ән айтады қыз бала
Жүрегіне шер толып,
Ән айтады қыз бала
Өне бойы өртеніп.
Ділім-жаным дір етті,
Әні неткен сазды еді?!
Жайлап алған жүректі
Менде де мұң аз ба еді?..
Тыңдамауға дәтім жоқ,
Әні неткен мұңды еді?!
Тұңғиыққа батырмақ
Болады ма шын мені?
Кетсем бе екен алты қат
Аспанға ұшып әнменен?!
Кетсем бе екен жеті қат
Жерге түсіп, әлде, мен?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу