Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  72


Автор: Исраил Сапарбай

МЫСЫҚ ПЕН САУЫСҚАН

Сауысқандар ағашқа көптеп қонды,
Жердегі мысықты
өздерінше ермек етпек болды.
Айнала ұшып, бірде жақындайды,
Бірде шықылықтап күлісіп,
Бірін-бірі мақұлдайды.
Бірақ мысық бұл айлаға алданбады,
Қайдағы бұтаққа қарамақ түгіл,
Қарғуға да қамданбады.
Амал не, ойын әріге жалғанбады.
Мысық алаңсыз һәуіз жағалады,
Әлгілерге мүлдем жоламады.
Сауысқандар да қарап тұрмай,
Судың дәл шетіне қалбалақтады,
Ойлары – мысықты алдамақ тағы.
Сауысқанда тағат жоқ,
Ал мысықта қанат жоқ.
Суға кетсе не болмақ?
Шыға ала ма амалдап?
Мысық бұл жолы да алданбады,
Ойын әріге жалғанбады.
Айланы ақыл жеңді,
Мұнысы мақұл болды.
Дұрысы:
Сауысқан да болма, мысық та болма,
Көрінген жерде ұшып та қонба!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу