Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  62


Автор: Исраил Сапарбай

Аппақ айдың бетiн бұлт

Аппақ айдың бетiн бұлт
Айғыздады сүртем деп.
Көктей солған Жетiмдiк
Көшеде жүр бүрсеңдеп.
Жанарына жас тұна
Жәутеңдейдi, қарашы?
Қара жердiң астына
Түсiп кеткен анасы...
Бұл өмiрде мән жоғын
Бiлмейтiнi – қатесi.
Iбiлiстiң зәмзәмiн
Iшiп кеткен әкесi...
Көкжиекке көше ме
Көкте шебiн құрған бұлт?
Маңырап жүр көшеде
«Ақсақ тоқты – құрмалдық».
Көгерер ме көсеге
Көкiрекке қона сап?
...Қаңғырып жүр көшеде
Қарасирақ – Болашақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу