Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  89


Автор: Тұрсын Жұмаш

БІР КЕРЕМЕТ

Көңілсізбін, тағы да көңілсізбің,
Мінезіңіз қызық-ау, ӨМІР сіздің.
Бұл Жалғанның шығармай жарығына,
Жылуы жоқ жырымның көбін сыздым.
Қаламымды қолыма алып тағы,
Қиял құсым қайтадан қалықтады,'
Биіктен биікке ұшқан сайын,
Көрінбейтін, көремін АЛЫПТАРДЫ...
Көрген сайын көңілім жай табады,
Айтарымды айтамын, айтам әлі...
ПОЭЗИЯ, мүлдем саған көрінбейтін,
Бір КЕРЕМЕТ бойымнан байқалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу