Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  85


Автор: Тұрсын Жұмаш

ЖЕТІМДЕРМЕН БІРГЕМІН


Кірлетпеймін, кіршігі жоқ арымды .
Жаутаңдаған жетім аз ба дарынды?
Олар түгіл, біледі ғой, Құстар да -
Мына менің дүниеде барымды.
Бір Алладан үміттерін үзбеген,
Қарайды Олар, аяулы бір жүзбенен,
Дарындының көбі жетіп, соны ұғып,
Мен оларды, Олар мені іздеген...
Жер бетінде жүрміз есен-аман Біз,
Ғажап өлең жаза алады балаң қыз.
Бір ауданның болмасақ та әкімі,
СОЛ ауданның ЕРТЕҢІ үшін алаңбыз.
Бұл әлемде жетімдердің бәры мұң,
көрсете алмай жүрген барын, дарынын,
Мен олармен біргемін ғой, біргемін -
Бір соларға түсіп жүрсін жарығым...





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу