Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  86


Автор: Тұрсын Жұмаш

МЕНІҢ АНАМ

Өз-өзіме отырамын өкпелеп,
мені ешкім түсінбейді, көк терек.
Бақытсыздау ақынның бұл өмірі,
Өзгелердің тірлігінен көп бөлек.
Маған өлең, Оларға алтын керегі -
Алтын деші... тезекті де тереді.
АСПАН жақтан келіп едім адасып,
Мені сонда қабыл алған ЖЕР еді.
Жер еді ғой, сәби жанын түсініп,
Ақ бесікке алған мені түсіріп.
Алғаш рет көрдім сонда АНАМДЫ,
Анашымнан дарыды ғой, кісілік.
Көзімді ашып қарап жаттым пендеге,
Бұл дүниеден хабары жоқ мен-дене,
Елең еттім әлдиіне Анамның,
Шымыр етті жүрегімде әлдене.
Жерде қалдым анашымның қасында,
Қалған солай Мұқағали, Қасым да.
Ақын болдым әлдиімен Анамның,
Менің анам ұлы адам расында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу