Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  179


Автор: Тұрсын Жұмаш

поэзия

Поэзия - менің адал досымсың,
Құпияңды түсінбеймін - осым шын,
Мидан бұрын
озып туған мың жылға
Сен бір ғажап құбылыссың, қынжылма.
Айтшы өзің Құдайды кім көріпті,
СЕН көрінбе
Мылтық, Қанжар, Шынжырға.
Еркелете берме бізді, тасытпа,
Құпияңды түсінерміз - асықпа.
Құдай сені
сүйгеніне дарытып,
Жолатпайды екен өзі пасыққа.
Бір сол үшін рақым айтам Құдайға.
Құдай деймін ОЛ да: Біздей шыдай ма?
Мұқағали
өлең жазып отырды,
Абай атам түсіме еніп бұл Айда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу