Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  112


Автор: Тұрсын Жұмаш

ӨМІРДІ ЖАҚСЫ КӨРУ

Дүниенің қабағына қарайлап,
Отырамын таң атқанша арайлап,
Ж аз туралы ертегі айтып тұрады
Аппақ қарды жамылып ап бір аймақ.
Көктем келсе, гүлдер ашып қауызын,
Басым-ойға, жырға толып ауызым,
Мен өмірді жақсы көріп кетемін,
Сен де жақсы көріп кетші, жауызым.
Күйін кешіп Қорқыт ата бабамның,
Қобызы да мен боламын даламның,
Өлеңімді жаздырады құдірет,
Қайталатып жаздырады маған мұң,
Жанарымның ішіндегі тамшыны,
Көрмейтіндер үйіреді қамшыны,
...Өлеңі де қалады ғой мөлдіреп,
Ақындардың бар иманы, бар шыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу