Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  46


Автор: Тұрсын Жұмаш

ТҮНГІ ОН ЕКІ

Пенде едім кеше тағдырдан тақыр
түңілген.
Бір өлең жазып қуанып жүрмін бүгін мен
Түңіліп жүріп түлеген қыршын түлекпін,
Түнектен алып ұшқанда мені бір екпін -
Мен өліп кетсем, Шындықты айтып
шыңғырып,
Солқ етіп қайта соғуы мүмкін жүректің.
Көңілден күмән тарқамай шегіп темекі,
Көк бұлттың ішінде отырмын: түнгі он екі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу