Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  52


Автор: Тұрсын Жұмаш

МЕНІ ДЕ ЖҮР ЖАРАЛАП

Жаралы құс
Қанаттарын жатты ұрып,
Қара жерге тым қатты.
Өз денесін өзі құзға лақтырып,
Көз алдында күн батты.
Ертең өліп
қалатындай жүремін,
Туған жерді аралап,
Аппақ құстың жараланған жүрегі
Мені де жүр жаралап...
Көңіл толмай, тірлігіме өзімнің,
Мағынасыз көрінеді манағым.
Көрмейтіні қалмаған соң көзімнің,
Қайтып тірі қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу