Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  89


Автор: Тұрсын Жұмаш

БОРАНДЫ КҮН

Боранды күн, боранды күн, боранды -
Қыз көрпеге, ақын отқа оранды...
Қыз күрсініп кімді есіне алды екен,
Ақын мәз боп ойларына орамды,
Боранды күн, боранды күн, боранды.
Жерменен Көк көрінеді бүтін боп,
Жерменен Қөк елестейді түтін боп.
Қыз ұйқыда. Ақын отыр ойланып,
Әйелі бар, жасамайды күтім көп,
Жерменен Көк көрінеді бүтін боп.
Аққағазға жорғалайды қаламсап,
Жыр тудырар шырын сәтін тағы аңсап.
Ақын отыр... Қыз түсінде жылайды...
Боранды күн көңілдерге алаң сап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу