Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  68


Автор: Тұрсын Жұмаш

СОҢҒЫ ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ ОЙ

Кеудемнен ұша алмай жатыр құсым,
Жазып кетсем арман жоқ ақырғысын...
Туған жер емес енді аспан барып,
Қиялым-ау, қиналып жатырмысың?
Мен үшін түсті досым арашаға,
Мен осы қалай жеттім қарашаға.
...Жүрегім мәңгі тоқтап қала жаздап,
Көз алдымнан кетпеді бала-шаға.
Аққайыңдар, аман-сау тұрмысыңдар,
Қайта көктеп шығуға тырмысыңдар.
Туған жерді бір көру арман еді,
Менің алда ауырлау тұрмысым бар.
Мен өлгенше болсыншы құсым аман,
Ұнамайды бұл жылдың қысы маған.
Өкпемді оқ тесіп кеткендей бір
Күнім жоқ маңдайым ысымаған.
Мен ақынмын, өзгеше, өзім білем,
Күндер өтіп, бір күні көзімді ілем.
Қабіріме аппақ қанат құс қонып,
Ақындықтың қасиетін сезіндірем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу