Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  92


Автор: Тұрсын Жұмаш

БАҚЫТ ДЕЙМІН ЕСІМІН

Көңілдегі мұңымды көктем емес, қуған күз,
(Мен білемін екеуміз шындық деген руданбыз)
...Қай жақтарда жүр екен көктем іздеп адасып,
Қай жақтарда жүр екен бір мен үшін туған қыз. ,
Ай қара әйнектен қарай ма екен ол дағы,
Қарай ма екен мен бе деп, қарайғанға жолдағы...
... Есімді алған елестен есім кіріп келеді,
маңдайымнан сыйпалап тұрғандай-ақ қолдары.
Бақыт деймін есімін, Бақыт деймін елге мен,
Сенбейді тек сенбейді, махаббатқа сенбеген...
...Қай жақтарда жүр екен қиялдағы қыз - Бақыт,
Жылдар бойы жыр болып жүрегімді тербеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу