Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  97


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТІМ БАР

Кеттің білем қайта оралып келмеске,
Қажеті жоқ алудың да енді еске...
Қаңтар менің
көз жасымды мұз етіп,
Келіп тұрмын екінші рет он беске.
Бір бұл емес, қайтып жұтып қалғаным,
Өткен өтті, бар ғой әлі алда Күн.
Үзілмеген
үмітім бар, алдаса -
Алдап кеткен шығар мені Арманым,
Арман алдап кеткен шығар, алдаса
Осалдығым емес шығар Ол да аса.
Кешірімді
бола білген жақсы ғой,
Жүрекке ауыр тиетіні болмаса.
Қараймын да отырамын Айға алыс,
Арманымды алып кетті қайда Қыс?!
Көрер қызық
алда шығар, өлмесем -
Тірілермен үзілмейді Байланыс!
Қателіктер... қателік кетті менен,
Су түбіне демейін кетті Кемем.
Кешірімді болуым-кемшілік пе,
Жақсы көріп Сол үшін кетті ме, Өлең?
Ғұмырдың қысқалығы мұң-қайғым бар,
Қысқа болса қайтейін, тыңдайын ба?!
Қарашада үзіліп жерге түскен,
Қайта көктеп жапырақ тұр Қайыңда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу