Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  100


Автор: Тұрсын Жұмаш

ТУҒАН КҮНІМ ТОЙҒА АЙНАЛЫП КЕТСЕ ДЕ...

Көріп түрмын өмір, өлім арасын
Біліп тұрған сызықтардың қарасын!
Қызыл сызық... болсын қыздың маңдайы
Қара сызық... қарғыстың ол қандайы?!
Қара сызық сызық емес келесі
Қарқылдаған қарғалардың елесі...
Жұтқыны кең, жұдырықтай денесі
Қара қарға құстың жаман немесі!
Қара сызық... қара мысық емес пе,
Қайран қалам, қайдағы жоқ елеске.
Сағынышым шығар осы Сарысы...
Қалай болар екен өмір барысы?
Қалай болар екен әмір ағысы
Көз алдымда құстың қанат қағысы.
Көз алдымда Теңіз... сосын толқындар...
Сосын, қырдың қандыбалақ тағысы.
Сосын, сосын... аққу, аспан, ақ қайың...
Мен өмірге келуімді ақтайын!
...Туған күнім тойға айналып кетсе де,
Қара сызық барын есте сақтайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу