Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  60


Автор: Тұрсын Жұмаш

ШАҒЫМ

Алладан басқаға басымды имен
Ұмытып барады екем... ҚАСЫМҒА
игем!
Ақсұңқардың Серігі, кешір мені,
Шықпағалы көп болды расында Үйден.
Тентек інің тіксініп, тағы ашынды,
Алып ұшам аспанға Алашымды.
Бір топ қыран бір жаққа ұшып кетіп,
Құл-құтанмен, Қарғаның Бағы
ашылды...
...Өлтірді олар Мұқағали, Қасымды да,
Өлтірді олар Жұматай асылды да.
Серік аға, ЖҮРЕГІҢ қалай өзі -
Ауырғаны, әйтеуір басылды ма?
Маған да СОЛ көп емес, жақын қалды.
Қайтеді ОЛАР, қайтеді АҚЫНДАРДЫ?
АСТАНАДА Еркек жоқ, АУЫЛДА ДА -
Шалбар киген кілең қырт, ҚАТЫН
қалды...
Өсек айтып, малтасын езетіндер -
Тұрып алмай жолымда, тез өтіңдер.
Серігімнің өлеңін басқан шығар,
"Орталық Қазақстан" газетін бер!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу