Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  72


Автор: Тұрсын Жұмаш

ТҮСІНБЕЙСІҢ

Түсінбейсің қуаныш, қайғымды да,
Тәкаппар да емеспін, айбынды да:
Бойымда бір ғажап тылсым күш бар,
Адам ете алатын маймылды да...
Білмеймін мен өлген соң өзгерем бе,
Өлеңнен басқа не бар өзге менде?
Адамзатқа тән емес күйге түсем,
Он сегіз мың ғаламды тез көрем де...
Білмеймін, ғашық болдым қанша қызға


Арулар-ай, ғашықпын баршаңызға,
айналайын, жүрегім, қалғып кетпей,
Қаттырақ соқ, күйініп, шарша, мұзда...
Өмірдің көрсек-тағы ызғарын бар,
Өзгермейтін жандармыз біз -
дарындар.
Жүрегімнен шығатын жырларымды
Жүрегімнен оқитын қыздарым бар...
Оларды да қу тағдыр аямаған,
Баяғыдай алдайды баяғы адам.
Анамның мен сағындым алақанын -
Ақ бесікте әлдилеп, аялаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу