Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  90


Автор: Тұрсын Жұмаш

САУ АДАМДЫ ЖЫНДЫ ЕТЕР ОРТАДА

Өмір сүре алмайсың ба, кектенбей,
Еркіндігім үшін мені жек көрмей?
Қиын екен көңіл шіркін бір қалса,
Қара жерге отырғызып кеткендей.
Жүрісім де, ұнамайды-ау, тұрысым
Ұнамасам ұнамайын, құрысын...
Сау адамды жынды етер ортада,
Өмір сүріп жүргенім рас, Жыр үшін.
Өз Әлемім бар ғой менің, бар алыс
Онда ұшып жете алмайды қара құс.
Менің нәзік жүрегіме жүк артып,
Келеді есек жаны сірі, тарамыс.
Бір сөз айтып қалайын деп оқталып,
Жалт қарап ем, алыпты олар топталып.
Кешір, есек, сенің жүгің өзіңде,
Пенделерден жүр ғой көңіл көп қалып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу