Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  88


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҚАЙҒЫРМА

Қасіретім
жеп тына мені іштен
Шарапты да Сол ішеді мен ішкен.
Дос - дұшпанға таба қылмай
Қорғап жүр,
Қорғап жүрші, аппақ қанат Періштем.
Құдай білсін, жатарымды қай қырда,
О, Жаратқан ақ жолыңнан тайдырма.
Мен бір түні өлең жазып отырып
Таң алдында -
ғайып болсам... қайғырма.
Мені іздеме,
көздеріңе жас алып,
Біз осындай бір келісім жасалық.
Төнім қайтып
келмегенмен аяулым,
рухым қайтып
оралады жасарып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу