Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  183


Автор: Кәрім Жұмағалиев

АТАНЫҢ РУХЫМЕН ТІЛДЕСУ

Аяғында кешегі өткен ғасыр,
Ата-Баба, Аруақ ізі жатыр.
Досан-Қыпшақ, Тұяқты-ПІРЗАДАДАН
Дүниеге келіпті - Әбдіқадыр
Содан бері 100-жылдай уақыт өтіп,
Ұрпақтары таралып, өсіп-жетіп.
«Артында бар оңалар» - дегендейін,
АС беріп жатыр бүгін ниет етіп.
Әбдіқадыр, Нұрлыбек, Оспан, Омар,
Төрт ұл боп Пірзададан туған олар.
Әбіл-Мұрат, Рим-Равхат түрлерінің,
Ұқсастығы-туыстық содан болар.
Естуші ем Атамыздың парасатын,
Жарлыға, мүсәпірге қарасатын.
Ақ туын әділдіктің қолына алып,
Әрқашан заң жүзімен таласатын.
Естігем Атамыздың парасатын,
Туған туыс онымен санасатын.
Қаталдық, мейірбандық, ақ көңілдік,
Соның бәрі өзіне жарасатын.
«Тар жолда, тайғақ кешкен» - сол жылдары,
Тағдырдың тәлкегі мол жылдары.
Сәкенмен бір түрмеде бірге отырып, 
Атандың «халық жауы, ұлтшылдары».
25 жылға сотталып кете бардың,
Жықпадың Туын сонда ұят-ардың.
Артыңда уыз-ауыз қыздарыңмен,
Зар жылап қала берді Сания жарың.
«Аққа Құдай жақ» - деген бекермеді,
Шындық соған өзіңді жетеледі.
Екі жарым жылдан соң ақталдың да,
Еңбегің тағы өзіңді көтергенді.
Алпыс жеті жасыңда дүние салдың,
Көре алмай бір қызығын балалардың.
Оларды жетім қылмай өсірді-ғой,
Артыңда қалған жалғыз Сәния жарың.
Өткен күн мен бүгінді салыстырып,
Өлең сөзбен тізбектеп жарыстырып.
Рухың бізді айналып жүрген шығар,
Ұрпағыңмен жіберейін таныстырып.
Қыздарың: Фирюзамен, Сара, Мара,
Мұратың-Сәулеменен жеке дара.
Қадыр, Кәрім, Сұлтан мен Қуандықтар,
Сізге болып келеді күйеу бала.
Мұрат деп ат қойып ең жалғызыңа,
Отыр бүгін ер жетіп алдымызда.
Жүз жасқа толғаныңа әдейі арнап,
Ас беріп жатыр міне Рухыңызға.
«Ат тұяғын тай басар»-деген сөзді,
Бекер тегі айтпаған халқымызда.
Әкені құрмет тұту баласына,
Ежелден бар аталық салтымызда.
Баршылық өміріңнің жалғастары,
Немере-шөберелер артыңызда.
Кешегі Мұрат балаң қолыңдағы,
Президент боп өмірден орын алды.
Жас кезінен еңбекке баулығаның,
Жемісін беріп міне орындалды.
Минуар - келініңді таныстырып,
Құрметтейміз, жүрмейміз алыс қылып.
Балаң мен келініңді Құдай қосқан,
Тең екеуі қарасаң салыстырып.
Немерелер: Гүлнәр, Аида, Алмастарың,
Қарлығаш, Алия мен Мансия барын.
Сания мен Жәмилә, Фаризалар,
Бір төбе күйеубала - Тағабайың.
Барлығында ұрпақ бар ер жетуде,
Атыңды атап Рухыңды көркейтуде.
Сания атты немерең бүгінгі күн,
Англияда оқиды шет тілінде.
Шөберелер маған қарап бата алмайды,
Бізді неге айтпайсың-деп жаутаңдайды.
Рүстем, Лерида, Айшалар әне отыр,
Жанар – деген әнші қыз балтаңдайлы.
Нұрлыбектен Әбілің келіп отыр,
Омардан Равхат сәлем беріп отыр.
Аталық Рухыңызға тағзым етіп,
Құттықыз бен Жамалдай келін отыр.
Тойыңа келіп отыр көз көргендер,
Жастықшақтан ержетіп өзгергендер.
Зейнеппенен Мағрипа апайларда,
Той тойлап өздеріңмен бір жүргендер.
Хамит досың ұлы ғой Нариманың,
Сәлемін ал қызыңдай Маринаның.
Келіп отыр Бише атты құдағиың.
Жеткізейін ұрпақтың сағынғанын.
Бүгінгі күн ӘБДІҚАДЫР әулетіне,
Ырыс пен Бақ қосылсын Дәулетіне.
Мұраттың достары мен туыстарын,
Шақырам қолды жайып Тәубе етуге.
Айтқандардан қорытып ой түйейік,
Аруағыңа сиынып біз жүрейік.
Ұрпағыңмен қосылып ЖҮЗ жасыңда,
Рухыңа тағзым етіп бас иейік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу