Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  129


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Жек көрем

Әні Кәрім Жұмағалиевтікі
Махаббатты сатқандарды жек көрем,
Сырттан сөзбен атқандарды жек көрем.
Еркін жүріп алға тартқан адамды,
Етегінен тартқандарды жек көрем.
Көзге жалған мақтағанды жек көрем,
Көңілге кір сақтағанды жек көрем.
Тырнаққа да татымайтын нәрсеге,
Көп алдында даттағанды жек көрем.
Біліп жүрген білместерді жек көрем,
Түйені де көрместерді жек көрем.
Сырты күлсе, іші жылап тұратын,
Бәрінен де күндестерді жек көрем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу