Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  301


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Ж Е Т П І С К Е келіп қалыппын

Әні мен өлеңі Кәрім Жұмағалиевтікі
Жиналған жұрт бәріңді,
Құрдас пен кіші кәріңді,
Тыңдауға бүгін шақырам,
Жетпіске арнап, жетпіске арнап,
Шығарған менің әнімді.
Жылқы еді жылым санадым,
Өткенге үңіліп қарадым,
Алпысым қалып артымда,
Жетпіске биыл, жетпіске биыл толамын.
Құрметті туыс ағайын,
Домбырамды қолға алайын.
Жетпіске келген жасымда,
Шырқатып әнге, шырқатып әнге салайын.
Ішінде өткен уақыттың,
Бұйырған дәмді татыппын.
Өмір де, өмір, өмір-ай,
Жетпіске келіп, жетпіске келіп қалыппын.
Өмірдей үлкен алыптың,
Сырына түгел қанықпын.
Жасаған өмірім ішінде,
Жалындай лаулап, жалындай лаулап жаныппын.
Ішінде өткен өмірдің
Ақжарқын болды көңілім.
Жолдас пен жора, туысқа
Жайылып жатты, жайылып жатты пейілім
Ішінде өткен өмірдің,
Арнадан шығып төгілдім.
Әділдік үшін күресіп,
Ақтадым елдің, ақтадым елдің сенімін.
Дұшпанды бастан асырмай,
Шындықты айттым жасырмай
Өмірдің жүгін көтердім,
Сабырлы болып, сабырлы болып тасымай.
Біреуді шеттеп шерткем жоқ,
Біреуде ақым кеткен жоқ.
Еңбегім еш боп өткен жоқ,
Өтіп бір кеткен, өтіп бір кеткен,
Өмірге менің өкпем жоқ.
Қызметті адал атқардым,
Полковник болып атандым.
Адвокат болып Жетпісте,
Жанында жүрмін, жанында жүрмін,
Ұстазы болып жастардың.
Жетпіске келген жасымда,
Балалар, Сара қасымда.
Жаяушылық көргем жоқ,
AUDI тұлпар, AUDI тұлпар астымда.
Балалар менен Сараның,
Қамқоры бола аламын.
Солардың міне арқасы,
Жетпістен асып, жетпістен асып,
Сексенге кетіп барамын.
Еске алдым бүгін өткенді,
Жастық шақ деген көктемді.
Тәңірім егер бұйыртса,
Көруге жазсын, көруге жазсын сексенді.
Тәңірім егер бұйыртса,
Тойлайық бірге, тойлайық бірге сексенді…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу