Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  83


Автор: Кәрім Жұмағалиев

БАҚЫТ-АЙ, БАҚЫТ ҚАНДАЙСЫҢ…

Бақыт-ай, Бақыт қандайсың,
Адамдарды таңдайсың.
Күлімдеп келіп кей кезде,
Балаша бізді алдайсың.
Бақыт-ай, Бақыт қандайсың,
Тәттісің кейде балдайсың.
Қолыма келіп қон десем,
Тілімді неге алмайсың.
Бақыт-ай, Бақыт қандайсың,
Жаныма келіп қонбайсың.
Көк дөненін мініп Арманның,
Жеткізбей желдей самғайсың.
Бақыт-ай, Бақыт қандайсың,
Жазғаныңнан танбайсың.
Ызғарлы болып, кей-кезде,
Жайма шуақ жаздайсың.
Бақыт деген басымда,
Жетпіске келген жасымда,
Бақыт деген сол болар
Балалар, Сара қасымда
Шүкіршілік иншалла,
Тәубе де, аспа, тасыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу