Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  79


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Асыл күндер

Асыл күндер өтіп жатыр жоғалып,
Қолдан келсе қояр ма едім доғарып?!
Соның бәрін біліп тұрып қиын-ау,
От басында отырғаным омалып.
Келер күндер – арман болған құс аппақ,
Шын ұмтылсам...
Жетер ме едім үш аттап?!
Жерошақты күзетуім жөн бе екен,
Күні бойы қу тіземді құшақтап?!
Жолға аттандым…
Күн нұрына от алып,
Жалқаулықтың іргетасын қопарып.
Жарқын күндер, өздеріңе жеткізем,
Жақсылықты кеудемдегі қотарып.
Абзал уақыт!
Сабыр қылып күте біл,
Қаймағынан бұзылмасын сүт-өмір.
Қара қылды қақ бөлетін алмастай,
Жақсы жұрттың маңдайына бітеді ұл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу