Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  98


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Заманға

Қайран кембағалдың заманы,
Жайраң жанбағардың заманы
Құрып келе жатыр.
Асыл ақ арманның заманы,
Жасыл бақ орманның заманы
Тынып келе жатыр.
Көлгір қаскүнемнің заманы,
Делбір маскүнемнің заманы
Жуып келе жатыр.
Баға жымқырғанның заманы,
Жаға қырқылғанның заманы
Үріп келе жатыр.
Өркен жайғандардың заманы,
Көркем жайлаулардың заманы
Буып келе жатыр.
Шырпы ұстағанның заманы,
Түрпі ұстараның заманы
Тіліп келе жатыр.
Жалқы талапкердің заманы,
Жарты санаткердің заманы
Біліп келе жатыр.
Шақар жайлы ақшаның заманы,
Қатал бай-патшаның заманы
Суыт келе жатыр.
Қасап қағар малдың заманы,
Асап аларманның заманы
Кіріп келе жатыр.
Қамқор қақ сортаңның заманы,
Жемқор сақ шортанның заманы
Күліп келе жатыр.
Түбі қоржын бардың заманы,
Тілі шолжыңдардың заманы
Туып келе жатыр.
Мәңгүрт-маргиналдың заманы,
Қанқұрт жан қинардың заманы
Туып келе жатыр.
Жоғарыдағы айтқан әлгі ізбен,
Қашып келе жатқан – жалғыз мен.
Қымбатшылықта мынау жанды үзген,
Тыныстатар ма екен жалбыз дем?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу