Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  84


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Жазғы таң

Бозарып келе жатыр сылдырап таң,
Ақ сәуле көкжиектен сырғып аққан.
Мап-майда саусағымен нұрлы шапақ
Сипайды күңгірт жатқан шыңды батпан.
Жабады қызыл-ала шағыл басын,
Дегендей нұр шұғыла дамылдасын.
Жоғары көтерілер мезгіл-ді күн,
Сындырып көкжиектің қабырғасын.
Жастықтың жұмбағы мен сырын құптай,
Құрылған жас отауға шымылдықтай.
Көгілдір тұман сайда шөгіп жатқан
Пәк таңның құдіретін түрілді ұқпай.
Таңғы ауа, тәтті ұйқымен дұрыс жұптар,
Орнаған ертеңгілік тыныштық бар.
...Жылтылдап күнге қарап мөлтілдейді:
Көк шөпке қонақтаған күміс шықтар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу