Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  69


Автор: Ермұрат Зейіпхан

АЙ-ҚАЛҚАМ!

Сөзіңді-ай, қалқам, тылсым бір,
Көзіңді-ай, қалқам, нұр сындым.
Жүзіңді-ай, қалқам, гүлсің бір,
Сезімді-ай, қалқам... күрсіндім.
Наз от демді көктеммен,
Жаз өтіп бара жатыр ма ең?!
Қиялы құрғыр жеткенмен,
Қисыны кеткен пақыр мен.
Қасымда Күн, қасымда Ай,
Ауру жүрек түктенеді-ай...
Жалт өткенің жасындай,
Жайрата салдың... Бітті енді-ай...
Сөзіңді-ай, қалқам, тылсым бір,
Көзіңді-ай, қалқам, нұр сынды-ым.
Жүзіңді-ай, қалқам, гүлсің бір
Сезімді-ай, қалқам... күрсіндім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу