Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  65


Автор: Ермұрат Зейіпхан

АҚША БҰЛТ ЖЕЛ АЙДАҒАН...

Ақша бұлт жел айдаған бел асады,
Сол белмен ата жұртқа ел асады.
Сарғайып сағыныштан салған әні,
Бабадан баласына ұласады.
Қайырмасы:
Пай-пай, беу, Назым!
Бұл өмір
бірде жазың,
бірде жазым.
Ақша бұлт жел айдаған қыр асады,
Көрісіп тау-даламен жыласады.
Туған ел тұғырына қонған ауыл,
Хал-жайын қалған елдің сұрасады.
Қайырмасы:
Ақша бұлт жел айдаған жылыстайды,
Бет алған жолын бөгеп кім ұстайды?!
Адыра қалар жерді жасқа шылап,
Топырағын әлсін-әлсін уыстайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу