Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  76


Автор: Ермұрат Зейіпхан

КӨЛЕҢКЕ ДЕГЕН КҮНГЕ ҒАНА ТҮСПЕЙДІ

Көлеңке деген күнге ғана түспейді,
Ол Алланың құдіретінен жаралған.
Тағдыр саған өз дегенін істейді,
Тән тозғындар, жазылғанмен жараңнан.
Көлеңке деген күнге ғана түспейді,
Ол көрінсе жұлдыз біткен жоғалған.
Өмір деген – жаз соңынан қыс келді.
Сайран әнін келте ғұмыр доғарған.
Көлеңке деген күнге ғана түспейді,
Көрмейтіндей жүрек сызын анаңнан.
Адамдықтың ақ жолына түс дейді –
Сөндірмейтін иман нұрын санаңнан.
Көлеңке деген күнге ғана түспейді,
Көрдім оны дала текті бабамнан.
Сәбиіндей аймалайды, иіскейді,
Күн дидарлы құшақ жайып тағы алдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу