Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  68


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ШӘМША САҒЫНЫШЫ

(Шәмша Беркімбаеваға)
Атадан қалған сөз еді,
Анадан қалған көз еді.
Бақытын бүгін сезеді,
Шамалған жері, өзені.
Өз босағасы, өз елі,
Жүрегі, жаны, өзегі,
Ой-қырды – ой-арман кезеді,
Сондай бір тәтті кез еді.
Қайырмасы:
Алатау асқар қарлы шың,
Ақ жолыма өзің жармысың.
Алматым – шырын-балмысың,
Арманым асқақ әнбісің?
Айтатын бергі – арғысын,
Шежіре қарттар бармысың?!
Мәндісің, қандай мәңгісің,
Туған жер Тұрар – армысың.
Бабаның еккен шынары,
Ананың жаққан шырағы.
Қызғұмыр – көктем шуағы –
Жүгіріп алдан шығады.
Аруақты мекен тұрағы,
Ақ бата айтар – Тұрары:
Талмасын мінген пырағы,
Самғасын алыс жыр-әні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу